Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Отты жылдардың куәсі

Қостанайлық Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Брусник 1942 жылы небары 17 жасында майданға аттанды. Златоуст әскери-пулемет училищесінде миномет және пулемет курсын меңгерген жас курсант Орталық майданның 326-шы атқыштар дивизиясының 1097-ші атқыштар полкі құрамында жауға қарсы тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсеткен.

Сухиничи, Малоярославец, Калуга қалаларын азат етуге атсалысты. Осыдан тура 76 жыл бұрын – 1944 жылдың қараша айының қара суығында Беларусь жеріндегі ұрыстардың бірінде ауыр жараланған Дмитрий Яковлевич госпитальден бір-ақ шыққан екен. Миномет батареясы командирі, капитан Брусник бір жыл бойы емделіп жатып, туған ауылы – Сарыкөл ауданының Аннов елді мекеніне оралыпты. Мерейлі 95 жасқа толған қарт майдангер 19 медаль мен 6 орденнің, соның ішінде Курск шайқасында көрсеткен батылдығына берілген «Ерлігі үшін», сондай-ақ Отан қорғау жолында көрсеткен ерлігіне ІІ дәрежелі Даңқ ордендерін иеленген. Запастағы полковник.