Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатындағы «Қазіргі Қазақстан Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың өткізілуі туралы ақпарат

Қазақ елі тәуелсіз болсын деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы қазақ елінің соңғы отыз жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы, тұлғалы – тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.

Тұңғыш президентіміздің елімізге қосқан үлесі мол. Осыған орай Ыбырайдың қара шаңырағында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында 5-11 сынып аралығында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Елбасының өмір-тарихы туралы қысқаша мәліметтерімен жалғасын тапты. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың барлық қызмет салаларын қамтитын бейнебаян ұсынылды.

Сонымен қатар, 11- сынып оқушыларының арасында тақырыпқа сай «Тілдердің үш тұғырлылығы» дебат сайысы, 10- сыныптар «Ел басы – ел тірегі» викториналық ойын, 9 сыныптар «Назарбаевтай болғым келеді» топтық жарыс, 5-8 сыныптар «Әлем мойындаған Елбасы», «Елін сүйген Елбасы» атты танымдық ойындар өткізді. Тәрбие сабақтары барысында оқушылардың алғашқы Елбасы Н. А. Назарбаев туралы жан-жақты ұшқыр ойларын жеткізе алды. Осы тәрбие сағаттарынының тағы бір ерекшілігі – оқушылардың «Егер де мен президент болсам?» деген сұраққа жауап берулері нағыз өз елінің патриоттары екендерін тағы да бір мәрте дәлелдегендей болды.
Осы іс-шараның арнайы қонағы ретінде Ыбырай Алтынсарин мұражайының қызметкері Балдырған Аяжанқызы, Қостанай облысының атақты айтыскер ақыны Салтанат Амантайқызы, Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері және мектептің зейнеткер ұлағатты ұстазы Бисенгүл Тұрсынбекқызы, Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері мектебіміздің директоры Ырсалды Сиелханқызы қатысып, тақырып төңірегінде ой бөлісті.

Қонақтар Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының маңызын салмақтады. Сонымен қатар, шақырылғын қонақтар Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы, экономикалық жаңғыруындағы рөлі мен оның бейбітшілік пен келісімге қол жеткізудегі қызметі туралы сөз қозғады.