Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қос марапат иесі

Халық қалаулыларына  арналған «Біздің депутат» республикалық-саяси газеті мен Парламент депутаттарынан қүралған редколлегиялық топ 2019 жылдың қорытындысына сай рейтинг нәтижесі бойынша ҚР мәслихаттарының ішінен үздіктерді анықтады, деп хабарлайды «Қостанай таңы»

Республика бойынша төрт аудандық, бір қалалық мәслихат хатшысы жәнен өңірлерлер арасында Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов «Үздік мәслихат хатшысы – 2019» медаліне ие болды.   Марапатты табыстау кезінде республикалық «Біздің депутат» газеті редакция алқасының төрағасы, құрылтайшы, Бас директоры Медет Оразалин:

-Сайлаубек Ерғазыұлы сегіз жылдан бері облыстық мәслихатты басқаруда зор еңбек сіңірсе, биыл көктемде мәслихат хатшыларының Сенат отырысындағы бас қосуында елге сыйлы азамат екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп берді,-деп атап өтті республикалық «Біздің депутат» газеті редакция алқасының төрағасы, құрылтайшы, Бас директоры Медет Оразалин. 

Айтпақшы,  Сайлаубек Ещанов күні кеше ғана ҚР ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталғанын айта кеткен жөн.