Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Автожол ақылы болмақ

23 декабря 2019 11:00 • 476 просмотров

2020 жылдан бастап Қостанай облысы аумағындағы 400 шақырым жолға ақы алынады. Бұл туралы тілшілер қауымына «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Андрей Горват айтып берді.

«Бүгінде елімізде 11 мың шақырым жолды ақылы ету мәселесі пысықталуда. Бұл біздің облысымыз арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне тікелей қатысты. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Келесі жылдың басынан облыстағы 400 шақырым автожол ақылы болады деп жоспарлануда. Сол үшін 9 мердігер жол жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтауы тиіс», — деді «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Андрей Горват.

Келер жылы Қостанай жолдарын ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізіледі. 606 шақырым жол жөнделмек, 36 учаскені қамтитын жобаның жалпы құны – 20 млрд теңге. Жөнделген жолдың сапасын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Ал облыс орталығының жолдарын жөндеу бойынша биыл 4 млрд теңге игерілген.