Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Назарбаев Зияткерлік мектебіне – 5 жыл

Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жақында ғана білім саласында жоғары стандарттар мен соңғы жаңалықтарға қол жеткізгендер ұйымы саналатын халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) ( Си-ай-эс) халықаралық аккредитациясынан өтті.

Биыл Қостанайдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына бес жыл толып отыр. Осыған орай оқу орнында «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық концерті өтті деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева арнайы басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың құттықтауын жеткізіп, жуырда өткен халықаралық аккредитацианың сертификатын табыс етуге келген.

Сондай-ақ келген қонақтар мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Құсайын Уалиев, ҚМПУ ректорының міндетін атқарушы Гүлвира Мұсабекова, Қостанай қалалық педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Елена Онищенко  құттықтады.  

—Қазір «күш білектіде емес, білімдіде» екенін анық ұққан заман. Заман көшіне ілесіп, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеуде мұғалімнің де үлесі зор. Оны қалыптастырушы – мектеп. Сондай білім мекемелерінің бірі – Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 2014 жылдың 12 желтоқсанында өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Білім ошағы Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қолдауымен ашылған Назарбаев Зияткерлік мектептердің қатарына 17-ші болып қосылды. Қазіргі таңда мектептің 7-12 сыныптарында 11 ұлттың 620 баласы білім алып, оларға 130 мұғалім дәріс беруде, — деп бастады өз құттықтауын мектеп директоры Думан Сапақов.