Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Есімі еленген жастар

26 декабря 2019 15:30 • 728 просмотров

«Арқалық қаласы жастарының Алтын кітабының» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Алтын кітапқа есімі енген жастарды салтанатты марапаттау рәсімі 2019 жылдың 20 желтоқсанында «Сайора» мейрамханасында қала әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлының қатысуымен өткізілді.

Іс – шараға 11 номинация бойынша 13 лауреат Алтын кітапқа енгізілді.
«Білім саласындағы жетістіктері үшін» — ҚАЛТАЙ АЯУЖАН АЛМАСҚЫЗЫ;
«Спорт» номинациясы бойынша — ҚАБЛАН Нұрсұлтан Асланұлы;
«Жас ғалым» номинациясы бойынша — ЛИС Валерия Васильевна;
«Рухани қазына» номинациясы бойынша — ТОЙШИН Нұрдаулет Сайлаубайұлы;
«Медицина саласына қосқан үлесі үшін» — МАРКИНА Анжелика Николаевна «Мәдениет саласында қосқан үлесі үшін» — РАГАТОВ Айбар Талапулы мен АЙДАРОВ Нұрхан Қабылахатұлы; «Журналистика» саласына қосқан елеулі еңбегі үшін — СЕИЛОВА АЙГЕРИМ ЖУМАБЕКҚЫЗЫ; «Ерекше қоғамдық белсенділігі үшін» номинациясын — РАЗАКОВ Асылбек Мұратбекұлы мен МОСКАЛЕВА-ГОРЕЛИК Кристина Евгеньевна;
Өнеркәсіп саласына қосқан үлесі үшін — ЗЕЙНОЛЛА Мейрам Оразымбекұлы;
«Жас кәсіпкер» номинациясы — БӨЛТІРІК Жансая Алмасқызы;
«Жастар көшбасшысы» — ҚАЙРГАЛЕЙ Болат Қайыргалейұлы атанды.

Сондай-ақ, қала әкімі Арқалық қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік желіде өткен «Бақыты отбасы» видео байқауының жеңімпаздарын жас отбасыларды марапаттады. Кешке қаламыздың беделді өнерпаздары ән –шашуларын жолдады.