Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Үздіктер марапатталды

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысының үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

– Тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде қаншама дарынды спортшылар тәрбиеленді. Олардың арасында біздің жерлестеріміз, мақтан тұтар аяулы азаматтарымыз бар. Бүгін залда Олимпиада чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, универсиада, азиада, ұлттық біріншіліктердің жеңімпаздары отыр. Иван Гараниннен бастап Иван Дычкоға дейін мақтаныштарымыз бар, — деп атап өтті облыс басшысы Архимед Мұхамбетов.  

Бұдан соң  Архимед Бегежанұлы жылдың үздік спортшылары мен бапкерлеріне сертификаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

«Үздік спортшы» номинациясының жеңімпазына  50 000 теңге, «Үздік спортшы» номинациясына 30 000 теңгелік сертификат берілді. Үздіктер қатарында грек-рим күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Шадукаев Тамерланды, 2017-2019 жылдардағы Әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Төлебаев Дидар, Азия рекордшысы, 2019 жылғы Әлем чемпионы Қабыл Тұрсынай бар.