Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қос ауданның жұмысымен танысты

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Денисов және Қамысты аудандарына жұмыс сапарымен барып,  бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ,  «Нұр Отан» партиясының жергілікті кеңсесінде тұрғындарды қабылдап, көпшілік көкейінде жүрген бірқатар түйткілді сауалдарға жауап берді.

Аймақ басшысы алдымен Денисов ауылындағы бөбекжайға  аялдады. Бөбекжай ғимараты «Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында  былтыр «Дүниежүзілік Банктен» бөлінген 40 млн теңге грант қаржысына  күрделі жөндеуден өткен. Ғимараттың төбесі мен едені жылыланып, қабырғасы суық өткізбейтін заманауи материалмен қапталған, сапалы пластикалық терезелер орнатылып, жарық беру жүйесі  толықтай жарық-диодты шамдарға ауыстырылған. Осының арқасында жылу мен жарыққа кететін шығын көлемі едәуір азайған. Бірақ ауыл толықтай көгілдір отынмен қамтылғанына қарамастан бұл ғимарат әлі күнге дейін көмірмен жылытылады.

Аймақ басшысы бөбекжайға газ құбырын тарту үшін облыс бюджетінен 40 млн теңге бөлінетінін айтты. Архимед Мұхамбетов одан кейін Қамысты ауданындағы Алтынсарин орта мектебіне барды. Қазақ және орыс сыныптары аралас оқитын бұл оқу ошағында 250 бала білім алады. Биыл мектеп 295 млн теңге бюджет қаржысына күрделі жөндеуден өткен. Білім мекемесінің ғимараты толықтай жаңартылып, спорт залы, пәндік кабинеттері қайта жабдықталған. Мектеп жынынан 45 балаға шақталған интернат салынған. Алтынсариннің айналасындағы шағын ауылдардың балалары алдағы жылдан бастап осы интернатта жатып оқиды. Облыс әкімі ұстаздармен жүздесіп, мектеп сыныптарын аралап көрді.