Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ақан сері Қостанай сахнасында…

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Ақжігіт асулары» /Ақан туралы тамшылар/ спектаклінің премьерасы өтті. Қойылым халық композиторы Ақан серінің өмірі жайлы баяндайды.

Спектакль құрылымы өзгеше, бәрі «керісінше» жүреді. Яғни, уақыт «кері айналады». Шымылдық ашылғанда әбден қалжыраған Ақан сері (Марғұлан Әбдібек) және  Бәлекеттің (Ардақ Тоқтар) диалогы басталады. Одан әрі оқиғалар легі өрби түсіп, басты кейіпкер бірте-бірте «жасарып», нағыз сері, жалындаған жастық шағына «оралады». Қазақтың кең даласы, арқан тартысып, қыз қуып, алтыбақан тепкен қыз-жігіттері, тұрмыс-салты, серілер дәурені ән-күй, бимен көрсетіледі.

Ақан тағдыры — күрделі тағдыр. Халық оны хан көтеріп қарсы алса, көре алмаған дұшпандары өсекке таңып, сағын сындырады. Аяулы махаббаты Ақтоқтыға (Диана Тұрсынова) қосыла алмаған, одан кейінгі жұбайлары Бәтима, Ұрқиялар бірінен соң бірі дүние салған, қыран құстарынан, Құлагердей жүйрігінен айрылған серінің басындағы сергелдең – спектакльдің негізгі өзегі. Және де бұған дейін жағымсыз кейіпкер ретінде белгілі Жалмұқан (Нұрлыбек Кенжеахметов) бұл жолы өмірдегі шынайы болмысымен, ер азамат, Ақанның шынайы досы ретінде бейнеленеді. 

Спектакльде Ақан әндері кезек-кезегімен шырқалып отырады. Қойылым аяқталғанда залдағы көрермендер тік тұрып қол соғып, қошемет көрсетті. Премьерадан соң Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов театрын әртістерін жаңа қойылымның тұсаукесерімен құттықтады.