Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жүлдегер атанды

Елордада Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері Әлғожин Төленді Олжабайұлы «Үміт» номинациясына ие болды.

Oлардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айрықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандар бар. Әдеттегідей «Сахнагер — 2019» ұлттық сыйлығы — 2018-2019 жылдардағы театр маусымының қорытындысы бойынша басты номинация «Сахнагер» сыйлығы мен арнайы кубогы 18 үздік маманға берілді.

«Үздік драматург» номинациясымен драматург Роза Мұқанова марапатталды. Ал «Үздік режиссер» номинациясын  Гүлсина Мерғалиева алды.

Биыл «Teaтр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» номинациясы 4 сахна шеберіне, «Сахналық ғұмыр» номинациясы шығармашылық еңбек өтілі елу жылдан кем емес 2 өнер ардагеріне (Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының негізін қалаушылардың бірі, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Рымкеш Омарханова – «Сахналық ғұмыр» арнайы номинациясымен), сондай-aқ сахнада үздік өнерімен жарқырап көрінген талантты 30 жас маманға «Үміт» сыйлығы табыс етілді.

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Нүркен Өтеуіл – «Үздік актер»;

Жас актер, композитор, «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері Олжас Жақыпбек «Үміт» номинациясымен марапатталды.