Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Еңбек мигранттарының міндеті

Қостанайда өткен «Жолда қабылдау» акциясы аясында полиция РФ, Украина және ҚХР азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеу үшін не қажет екенін түсіндірді. Тәртіп сақшыларының кеңесіне ірі бизнес өкілдері жүгінді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Қостанай облысының аумағында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы жалғасуда, онда азаматтарға тікелей қажетті көмек көрсетіледі. Полиция қызметкерлері тұрғындарды көші-қон орталығының ғимаратында қабылдайды. Жыл басынан бері облыс полицейлері осындай форматта 600-ге жуық азаматты қабылдады.

«Жолда қабылдау» жұмысына әкімшілік және көші-қон полициясының, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты. Көші-қон полициясы қызметкерлері шетелдік қызметкерлерді тарту тәртібі туралы түсініктеме берді.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС Қазақстандағы ірі машина құрастыру зауытының өкілдері осындай мәселемен жүгінді. Қазіргі уақытта зауытта Ресей, Украина және Қытайдан келген мамандар жұмыс істейді.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС қызметкері Фатима Ерғалиева Ресей Федерациясынан мамандарды тарту үшін қандай талаптар бар екенін сұрады. Бұл сұраққа Қостанай облысы ПД Көші-қон басқармасының қызметкері полиция майоры Ринат Сыздықов жауап берді.

— Жұмыскерлер әуелі заңды тұлғада жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органдарынан рұқсат алуы тиіс, ол 1 жылға беріледі. Содан кейін олар жұмыс істеуге құқылы, ал бір жыл өткеннен кейін рұқсат тағы бір жылға ұзартылады, — деп түсіндірді полиция майоры Ринат Сыздықов.