Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұмытылмас ерлік

Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайында «Олар өздерінің интернационалдық борышын орындады» атты көрмесі ашылды. Экспозиция Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай және «Біз-интернационалисттерміз!» республикалық акциясы аясында ашылып отыр.

Экспозицияның негізіне Ауғанстанда соғысқан облыстың ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері құжаттық материалдар, фотосуреттер, оқиға куәгерлері мен қатысушыларының куәліктері, марапаттары мен жеке заттары кірді. Іс-шараға 25 жауынгер-интернационалист, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, облыстық ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев көрме қаһармандық және соғысқа қатысқан барлық азаматтарды еске алуға арналғандығын атап өтті. Ауған соғысы арқылы жарты миллионға жуық кеңес солдаты мен офицері соғыс отын кешті, олардың 22269-ы қазақстандықтар болды.

Полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаевтың өзі интернационалист-жауынгер, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің бірі, Ауған соғысының ардагері, ПД экстремизммен күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Ербол Дербісов. Ауғанда өтткен әрбір жауынгерлердің жауынгерлік іс-қимылдарына қатысуы бейбіт уақытта көптеген жылдар бойы қиын-қыстау болды.