Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауырып ем іздегенше…

Әлемді дүрліктірген «Короновирус» дертінің алдын алу үшін елімізде бірқатар сақтық шаралары қолға алынды. Тіпті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықаралық 8 наурыз әйелдер мерекесін тойлау тоқтатылды. Қауіптің өршіп тұрғаны соншалық, бұл шаралар облыстық деңгейде де орындалмақ. Қазіргі таңда адам көп жиналатын мәдени-бұқаралық іс-шаралар кейінге шегерілді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов хабарлады.

ТМД-ның кейбір елдеріне тарап үлгерген бұл дерттіен Қазақстан билігі де сақтануда. Ел үкіметі алдын алу жұмыстары мен сақтық шараларын күшейтіп, жағдайды қатаң бақылауда ұстауда.

Қостанай облысында да арнайы штаб құрылып, кешенді жұмыстар қолға алынды. Бұл туралы бүгін барлық жауапты сала басшылары қатысқан өңірлік шұғыл штаб отырысында мәлімделді. Аудан, қала әкімдерімен және басқарма басшыларымен өткен селекторлық жиында коронавирустың алдын алу жұмыстары мен сақтық шаралары жан-жақты талқыланып, облыс аумағында оның таралуына жол бермеу жолдары қарастырылды.

Жиын барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов басқарма басшыларына жағдайды қатаң бақылауда ұстауды қадап тапсырды. шатаба1 Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы О.Бекмағамбетовтың айтуынша, коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлемде айтарлықтай қолайсыздық тудыруда.

Сурет ӨКО парақшасынан алынды.