Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа мектептің жетістігі

Облыс орталығында жаңадан ашылған №28 мектеп-гимназиясы оқушылары түрлі сайыстарға қатысып, өздерін жақсы қырынан көрсетуде,-деп хабарлайды «Қостанай таңы.

Оған дәлел, «Абай жолы» атты республикалық жас көркемсөз шеберлерінің арасында өткен мүшәйрада І дәрежелі дипломмен 10 «а» сынып оқушысы Әлішер Жұмабек пен І дәрежелі дипломмен Нұртөре Хыдырбек иеленді.

Сонымен қатар, «AI-Faraby» республикалық білім қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты мектеп оқушылары арасында шығарма жазу сайысында 7 «ә» сынып оқушысы Нұртөре Хыдырбек І дәрежелі дипломмен, 10 «а» сынып оқушысы Жанат Манатова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Елімізде өтіп жатқан байрақты бәсекелерде бас жүлде алғандардың тізімі мұнымен шектелмейді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша ІІ орынды 6 «а» сынып оқушысы Тимур Қали, «Көркемсөз» номинациясы бойынша 7 «ә» сынып оқушысы Бек Махмұтов алдына жан салмай, бас жүлдеге ие болса, 6 «ә» сынып оқушысы Наргиз Қарасартова І орынға иеленді. Ал ақындық өнер номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Жамбыл Нұралыұлы бас жүлдені жеңіп алды.