Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жеңістің жалауы желбіреп…

Қостанайға 151-ші жеке атқыштар бригадасының жауынгерлік туының көшірмесі жеткізілді. Небары 2 айды4 ішінде ол облыстың барлық қалалары мен аудандарында болады. Тудың көшірмесі арнайы Жеңістің 75 жылдық тойына орай жасалған.

Әскери кафедра әскери қызметшілері мен студенттері, оқушылар мен жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері 3 наурыз күні таң атысымен вокзалға жиналды. Онда Астанадан тікелей құнды жүк тиелген пойыз келмек.

«Біз бүгін Қостанай қаласында Ұлы Отан соғысы жылдарында құрылған 151-ші атқыштар бригадасының туын қарсы аламыз. Ту Әуе қорғанысы Күшінің подполковнигі Дәулетов әкеледі және бізге табыс етеді, » — деп хабарлады Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Ерлан Тортаев.

— Бұл «Жеңіске дейін 75 күн» патриоттық акциясының бір бөлігі,-деді Қостанай облысы Қорғаныс істері департаментінің әскери-патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы Айнұр Өткербаева. — Бастамашы –Қорғаныс министрлігі. Астанадан жауынгерлік тудың 23 көшірмесі жөнелтілді. Мысалы, Семейде 238-ші дивизия құрылды. Қостанайда тиісінше пойызбен 151 бригада туының көшірмесін күтеміз,-дейді ол.

151-ші атқыштар бригадасының Туын әскери оркестр барабанының дыбысымен күтіп алды. Бұл жауынгерлік ту түпнұсқа емес. Тек қана Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Нұр-Сұлтанда арнайы жасалған көшірмесі. Оны Қазақстан өңірлеріне берілетін басқа да жауынгерлік тулармен қатар жасады.