Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Абай оқулары өтті

25 марта 2020 16:00 • 755 просмотров

Қостанайда «Абай және Шәкәрім оқулары» байқауы өтті. Жыл сайын 5-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі байқауға облыс орталығындағы қазақ және орыс мектептерінде оқитын алпысқа тарта талапкер қатысты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, Абай шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға қалалық білім бөлімі ұйытқы болды.

Екі күнге созылған  білім сайысының алғашқы кезеңі «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» деп аталады. Бұл аталым бойынша білімпаз балалар Абай мен Шәкәрім шығармаларын мәнерлеп оқудан жарысты. Ал «Көңілім әнді ұғады» номинациясында Абай мен Шәкәрімнің ән-күйлерін орындаушылар бақ сынасты. Мүшәйра түрінде өткен «Жүйріктен жүйрік озар» сайысында талапкер ақындардың төл өлеңдері оқылды.

Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу, әнді орындауы мен актерлік шеберліктеріне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне және сахна мәдениетіне баса назар аударды.

— Бастысы, балалар Абай аталары жайлы көп ізденіп, тереңірек біле түсс екен дейміз. Бұл кезеңде озып шыққан оқушылар облыстық байқауға жолдама алады.  Байқауда жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын берумен ғана шектеліп келеміз. Келешекте «Абай оқуларының» республикалық деңгейдегі жеңімпаздарына атаулы стипендиялар мен оқу гранттары бөлінсе игі болар еді, — дейді  қалалық білім бөлімінің маманы Жанар Дүйсембаева. Оқушылар Абай оқуларына жақсы дайындықпен келген екен. Әсіресе өлең мен қара сөзді нақышына келтіріпжатқа айтқан, мазмұнын терең түсініп, мәнін ашып, шығармада айтылар ойды әдемі жеткізе білді, — дейді қа