Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алғысымыз шексіз, сарбаздар!

27 апреля 2020 17:33 • 720 просмотров

Қостанайда Жамбыл обылсынан келген сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті. Олар коронавирус инфекициясымен күресуге келген болатын. Қостанай облысындағы ТЖ кезінде енгізілген карантин шараларын сақтауға септігін тигізді.

Қоштасу сәтінде қызметін атқару кезінде ерекше көзге түскен сарбаздарға мақтау грамоталары табыс етілді. Аталмыш шараға Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркенов, Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Артур Қаракөзиев, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Садықов қатысты.

–Коронавирус індетімен күресуде халыққа жасаған еңбектеріңіз үшін Қостанай қаласы әкімі Қайрат Ахметовтың атынан алғыс білдіремін. Қостанайға Жамбыл облысынан 150 әскери қызметкер келді. Жүз сарбаз облыс аумағындағы блок-бекеттерді күзетті. 50 сарбаз қала ішінде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылды. Олар қоғамдық көліктер, спорттық алаңдар, подъездердің кіре берістерін дезинфекциялады, – деді Рүстем Қаркенов.

Тобыл өңірінің тиыштығын сақтауға жұмылдырылған жігіттер болса, қостанайлықтардың аңқылдаған көңілі мен қонақжайлылығына ризашылықтарын білдірді.

– Індеттің алдын алу жұмыстарына сәуір айының басынан жұмылдырылдық. Бізге төтенше жағдай талаптарын бұзғандарды тәртіпке шақыру, дезинфекция жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүктелді. Жұмысымызды алаңсыз жүргізу үшін бізге барлық жағдай жасалды. Қостанайлықтарға осы үшін алғысымызды білдіреміз, – дейді жамбылдық сарбаз Ерболат Қазыбаев.