Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Азаматтартды «онлайн» қабылдады

Партияның жергілікті филиалы аймақ тұрғындарын Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде онлайн режімде қабылдай бастады. Мұндағы мақсат — Елбасы бастамасы бойынша ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан BizBirgemiz акиясы төңірегінде тұрғындар сұрағына жауап беру. 

Бүгін бірінші рет өткен онлайн қабылдауда болғандардың көбі азық-түлік себеттерін кімдер және қалай алып жатыр, қор қаражатына үміткерлер кімдер? — деген сауалдар қойды. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев оларға: — Ел аумағында төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап, Елбасы BizBirgemiz акциясына бастау берген болатын. Қазіргі таңда аймақта тауар корзиналарымен және тағы басқа керек құралдармен 2444 мұқтаж отбасы қамтылды, — деп жауап берді.

Тікелей эфирде өткен онлайн қабылдауға 500 адам қатысып, 150-ге жуық сұрақ келіп түсті. Эльдар Күзенбаев әр сұраққа тұщымды жауап беруге тырысты. Кейбір сауалдарды жазып алып, кейінірек міндетті түрде шешеміз деген уәдесін берді. Онлайн қабылдау кезінде 42500 теңге төлемі, «BizBirgemiz» акциясы аясында көрсетіліп жатқан көмек және әлеуметтік қордан берілетін 50 мың теңге төңірегінде көп сауал түсті. Бұл 50 мың теңгені алып үлгерген біраз азаматтар алғысын білдіріп жатты.  

Эльдар Күзенбаевтың айтуынша, «BizBirgemiz» әлеуметтік қорынан бөлінген төлемдердің бірінші толқыны барысында, жергілікті атқарушы органдар құрған тізім бойынша Қостанай облысында 5681 мұқтаж адамның әрқайсы 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алған. Э. мамыр айының басында акцияның екінші толқыны бойынша қаражат бөлінетінін айтты.

Сәуір айы басталғалы облыстық филиалға 3000 мыңға жуық азамат жүгініп, 2000 мыңнан астам өтініш орындалған.