Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көмектен құр қалмайды

Ел аумағында енгізілген төтенше жағдайда әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылған еді. Мақсаты – қазіргідей қиын жағдайда аса мұқтаж жандарға материалдық тұрғыда көмек көрсету.

Акция аясында Қостанай облысында бірнеше отбасына тегін азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Көмек алғандардың бірі – Қостанай қаласының тұрғыны Айна Әбілқасова.

«Қазіргідей қиын сәтте бізге үлкен көмек көрсетіп жатқан билікке, «Nur Otan» партиясына алғысым шексіз. Партия өкілдері келіп, азық-түлік жиынтығын тапсырды. Қуанып қалдық. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан көмек жалғаса беретінін айтты», — дейді А.Әбілқасова.

Осындай көмек алғандардың арасында Әулиекөл ауданының тұрғыны Николай Котин де бар. Ол – бірінші топтағы мүгедек.

«Мемлекет халықты санатына қарай бөлмейді. Қоғам алдында бәріміз теңбіз. Карантин уақытында маған азық-түлік жиынтығын берген жергілікті атқарушы билікке рахметімді айтамын», — дейді зейнеткер.

Амангелді ауданының тұрғыны Нұргүл Әбішева да «Birgemiz» қоғамдық қорына алғыс айтады. Бес баланың анасына атаулы әлеуметтік көмектен тыс, қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.

«Мемлекет біз сияқты көпбалалы отбасыларды азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етіп жатыр. Жақында ақшалай көмек беріп кетті. Қазір жолдасым карантиннің салдарынан уақытша жұмыссыз отыр Осындай қиын сәтте қорған болған билікке алғыстан басқа айтарымыз жоқ», — деді көпбалалы ана.

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мәліметіне сүйенсек, өңірде жүздеген отбасы жергілікті әкімдіктер ұсынған тізім бойынша азық-түлік жиынтығын алып жатыр. «Birgemiz Qostanai» қоғамдық қоры арқылы 5681 отбасы 50 мың теңге көлемінде бір реттік төлем алды.

«Президент тапсырмасы бойынша тегін азық-түлік жиынтығын алатын азаматтардың 4 санаты бектілді. Бірінші санат – атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары. 2, 3, 4-санат – карантиндік аймақта тұратын азаматтар. 1 және 2-топтағы мүгедек балалары бар отбасылар, мүгедек баланың күтімімен отырған ата-аналар да азық-түлік алады», — делінген партия филиалының ақпаратында.