Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қарым-қатынас ұлғая түспек

Қостанай облысында екі бірдей «Көмек алаңы» кеңсесі ашылды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қуаныш Бекбасов «Қарабалық – көмек алаңы» кеңсесінің ашылу рәсіміне қатысты.

Дәл осындай кеңсе Сарыкөл ауданында да ашылды. Мұнда тұрғындар үшін қажет қызмет түрлерін «бір терезе» арқылы алу мүмкіндігі бар. «Көмек алаңдары» заманауи байланыс және коммуникация құралдарымен қамтылған. Сондай-ақ азаматтарды «опен спейс» форматында қабылдайтын арнайы бөлме де бар. Бұл бөлмеде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге қатысты тиісті мемлекеттік орган өкілдерінен толыққанды жауап, я кеңес алатын болады.

«Мұндай кеңселер барлық аудандарға қажет. Бастысы – азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалуы керек. «Көмек алаңы» кеңселері мемлекеттік қызмет көрсету барысында халыққа қолайлы кедергісіз орта құруды көздейді. Мұнда тұрғындарға жан-жақты құқықтық кеңес беріледі. Бірақ қазіргі аһуалға байланысты қарым-қатынас қашықтан жүзеге асырылуы тиіс», — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қуаныш Бекбасов биыл аймақтың барлық қалалары мен аудандарында  «опен спейс» форматындағы «Көмек алаңы» кеңселері ашылатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір облыс бойынша 18 кеңсе жұмыс істеп жатыр.

«Мұндай кеңселерге қажеттілік өте көп, себебі бүгін елдегі жағдайды ескере отырып, біз жаңа өзгерістерге бейімделіп, «онлайн» жұмыс форматына көшеміз. Басты басымдық – азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау. Барлық «Көмек алаңы» кеңселері өз жұмысын жалғастыруда, азаматтарға кеңес беріп, заң көмегін көрсетеді, барлығы қашықтықтан жүргізіледі. Сондай-ақ, азаматтармен өзара іс-қимылдың осы тетігін біз мүмкіндігінше одан әрі қолданатын боламыз»- деп атап өтті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов.