Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Еріктілердің еңбегі еселі

4 июня 2020 17:00 • 681 просмотров

Қостанай облысында волонтерлік жобалардың негізгі бағыты анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Марат Жұрқабаев мәлім етті.

Ел жастары «Волонтер жылы» аясында негізгі 7 бағыт бойынша жобаларын ұсынады. Олар: «Сабақтастық», «Денсаулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім» және «Үміт». «Аталған бағыттардың ішінен Қостанай облысы өзінің волонтерлік қызметін «Таза әлем» бағытына арнайтын болады. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға, өзендер мен ормандарды тазалауға, ағаш отырғызуға және қоқысты сұрыптауға үйретуге бағытталған жоба.

«Біздің жастар «Волонтер жылы» аясында іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жыл басынан бері 235 іс-шара өткізді. Оған 10422 адам қатысты. Әсіресе, жалғыз тұратын қарттарға тұрмыстық көмек көрсетуге, тұрғын үй аумағын қардан тазартуға, «Birgemiz» республикалық акциясы аясында мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізу кезінде жақсы жұмыс атқарды», – деді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Марат Жұрқабаев.

Өңірде волонтерлік қозғалысты насихаттау мен дамытуды жүзеге асыратын республикалық фронт-кеңсе ашылған болатын. Жалпы, облыста шамамен 15 мың адамды біріктірген 90 волонтер ұйымы жұмыс істейді.

«Жастарымыз «Birgemiz» республикалық акциясы шеңберінде белсенді болды. Қостанай қаласындағы 5 емханамен бірлесіп жұмыс істелді. Барлығы 4 мыңнан астам адамға дәрі-дәрмек тасымалданды. Сонымен қатар волонтерлік ұйымдар республикалық «Халық» қоры акциясына да қатысуда. Бұдан бөлек волонтерлеріміз «Жасыл ел» бағдарламасын да қолдап отыр. Бағдарлама аясында 76 млн теңге игеріледі. Абаттандыру шараларына 1047 адам қатысады. Кадр жағынан да, қаржы жағынан да әр ауданға тиісті қаражат бөлінді», — дейді басқарма басшысы Марат Кенжебекұлы.