Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мемлекеттік қолдаудың көмегі көп

4 июня 2020 12:30 • 582 просмотров

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Poultry-Agro» құс фабрикасы өндірісті жаңғырту жұмыстарын қолға алды.  Кәсіпорын мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдаланып өндірістік қуатын арттыруды көздеп отыр. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, серіктестік жылына 20 мың тонна   құс етін шығара бастайды. 

Аймақ басшысы Қарабалық ауданына жұмыс сапары барысында аталмыш құс фабрикасына соғып, өндірістегі өзгерістер барысымен танысты. Кәсіпорын басшысының айтуынша, ілкімді жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Фабриканың бүкіл өндірістік құрылымын жаңалауға 4 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Нәтижесінде 260 жаңа жұмыс орны пайда болмақ.

Облыс әкімі одан кейін аудандағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Қарабалық өңірінде бұл бағдарлама бойынша 4 жоба іске асырылып жатыр екен. Олардың жалпы құны 305 млн теңге болады. Бүгінге дейін 84 жұмыс орны ашылған, оның тең жартысына тұрғындар еңбекпен қамту орталықтары арқылы орналасқан.