Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

5498 автокөлік есепке қойылған

Қостанай облысында карантин режимін жеңілдеткелі 5498 автокөлік тіркелді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Қостанай облысы бойынша филиалы.

Қостанай облысының ХҚКО-лары 11 мамырдан бастап жұмысын қайта бастады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету секторларында карантин режимі жеңілдегелі бері 5498 автокөлік есепке қойылды.

«Бүгінде автокөлікті тіркеу рәсімі Қостанай қаласының халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлімінде ғана емес, сонымен қатар аудандар мен қалаларда да жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Арқалық, Лисаков, Жітіқара, Рудный қалалары мен Қарабалық, Федоров, Ұзынкөл, Әуеликөл және Қостанай аудандарында жұмыс қызып тұр. Облыс орталығына бармай-ақ, көлікті есептен шығаруға және тіркеуге болады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Шыңғыс Әшірбеков.

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылған сәттен бастап Қостанай облысының 2842 тұрғыны жүргізуші құжатын алды. Жүргізуші куәлігін бірінші рет алатындар практикалық және теориялық емтихандарды тапсыру үшін Қостанай қаласының ХҚКО бөліміне келулері қажет. Қазірдің өзінде 700-ден астам адам емтихан тапсыруға өтініш берді, оның 400-ден астамы теориялық емтихан тапсырды, 240-ы практикалық бөлімнен де өткен.

Айта кетейік, Қостанай қаласының халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлімі автомобиль жүргізушілерін алдын ала брондау кезегі бойынша ғана қабылдайды. Кезекті Электрондық үкімет порталында, Telegram бот арқылы, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығының кеңесшілеріне хабарласу арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска киіп, антисептиктерді пайдалану қажет.