Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Онлайн-концерт өтті

Қостанайдағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары жазғы демалыс күндері мектептен тыс концерттер ұйымдастыруды бірталай жылдан бері дәстүрге айналдырған. Әдетте, мұндай шараларды тамашалауға негізінен мектеп жанынан ашылған  лагерлер мен балалар клубына қатысатын балғындар баратын. Ұйымдастырушылар биыл дәстүрлі концертті онлайн түрде өткізуді жөн көріпті. Басты тақырып – Абай әндері.

«Биыл бүкіл ел көлемінде аталып өтіп жатқан қазақтың данышпан ойшылы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында біз де үнсіз қала алмадық. Негізі, Абай әндерінің бір ерекшелігі ересектерге де, жасөспірім балаларға да бірдей түсінікті, сазды-ырғақты болып келеді. Абайдың «Айттым сәлем, Каламқас», «Көзімнің қарасы» әндерін балалар тіпті орта сыныптарда-ақ жаттап алып, нақышына келтіріп орындайды. Биыл мектеп шәкірттері ұстаздарының жетекшілігімен ұлы ақынның әндерін үйде орындап, оны бейнетаспаға түсіріп, мектептің электронды мекенжайына салып жіберген екен. Солардың басын қосып едік, көлемді бір концерттік бағдарлама болып шықты.  Әрине, Абай әндерін көпшілік алдында орындап, көрермен ризашылығына бөленгенге не жетсін, бірақ онлайн концертке де етіміз үйреніп қалды», — дейді мектеп директоры Гүлнар Кучикова.

Абай шығармашылығына арналған онлайн-концерт қазақ музыкалық әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмагүл Нұржанованың кіріспе сөзімен басталады. Мұғалім ұлы ақынның туып-өскен ортасы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінің сыр-сипатына, даму ерекшелігін баяндай келіп,  Абай әндерінің табиғатына кеңірек тоқталады.