Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тоқтарбай Қадамбаев: Елбасы осы жағдайда қашықтан жұмыс істеп, ерлік көрсетіп отыр  

Қоғам қайраткері, Қостанай облысының бірінші әкімі Тоқтарбай Қадамбаев Елбасына амандық тілеп, пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аса қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы! Әлемдегі болып жатқан коронавирус пандемиясының кесірі Сізге де жеткенін ауыр қабылдадым. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, қиын-қыстау жылдарында өзіңізбен үзеңгілес болып қызмет атқарғанымды әрқашан мақтан етемін. Сіз жаһандық ауқымда ойлай білетін, әлемдік деңгейде аса танымал көшбасшының бірісіз. Бейбітсүйгіш, қарқынды дамып келе жатқан қазіргі Қазақстан – Сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі екені айдан анық. Көрегенділікпен жүргізген саясатыңыздың арқасында қалыптасқан тығыз халықаралық ынтымақтастық пен серіктестіктің нәтижесінде Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Денсаулыққа төнген қауіпке қарамастан қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруыңыз үлкен ерлік деп есептеймін», — дейді Тоқтарбай Қадамбайұлы.

Ол Елбасына тез арада сауығып, алдағы уақытта да көптеген бастамалардың басында болып, ел болашағы жолында еңбек ете беруін тілейді