Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«СК-Фармация» гуманитарлық көмекті үлестіру бойынша бірыңғай оператор болып белгіленді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті.

«Барлық жеткізілген гуманитарлық жүктер кедендік рәсімдеу мен медициналық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі сертификаттарын алу процедураларынан өтті және бірыңғай дистрибьютормен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына жеткізілді. Сол жақтан олар тікелей медициналық ұйымдарға үлестірілді», — деп толықтырды вице-министр.

Анықтама: 2020 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша, Бірыңғай дистрибьютор облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы 258 провизорлық орталыққа 9,7 млрд теңгеге жуық соманың коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған препараттарын жөнелтті.