Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанайға көмек келді

Қостанай облысында демеушілердің қаражаты арқылы оттегі концентраттары сатып алынды. Облыстық және Қостанай қалалық ауруханаларына 70 дана оттегі концентраты түсті.

Мамандардың айтуынша, 1 концентратор 2 адамға қызмет көрсетеді. Бұл құралдар тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастарға оттегі алуға мүмкіндік береді. «Жақын арада тағы 300-ден астам концентрат жеткізіледі деп күтілуде. Бұған қоса Қостанай облысы ауруханалары үшін 150-ге жуық пульсоксиметр, 90 оттегі аппараты және тұрмыстық техника сатып алынды. Облыстық ауруханаға 40 млн теңгеден астам сомаға жабдық түсті.

Жітіқара аудандық ауруханасы мен Бейімбет Майлин ауданының ауруханасына инфрақызыл термометрлер, маскалар, респираторлар, обаға қарсы костюмдер және басқа да қажетті заттар қойылды»,- делінген штабтың ақпаратында. Сонымен қатар Варваринское және Комаров тау-кен кәсіпорны жақын арада аудандық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 33 млн теңге бөледі.

Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы кезекті гуманитарлық көмекті қабылдап алды.

Бұл жолғы көмекті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Түркия мемлекеті жолдаған. Басқарма мамандары 2 жасанды тыныс алу аппараты қабылдап алды. Бұл құрылғылар облыс орталығынан шалғай орналасқан Амангелді және Жангелдин аудандарына беріледі.

«Гуманитарлық көмек ретінде 80 мың бетперде, 3 600 көзілдірік, 2 000 қорғаныш халаты, 6 700 қорғаныш костюмі, 25 100 қорғаныш экраны келді. Бұлар таяу уақытта барлық медициналық мекемелерге үлестіріледі. Бұған дейін Ресейден қорғаныш костюмдері, маска, көзілдірік, қолғап, аяққап әкелінді. Костюмдердің жалпы құны 308 млн теңге», — делінген штаб ақпаратында.

Бүгінде өңірдегі медициналық ұйымдарда COVID-19 емдеу хаттамасымен ұсынылатын дәрі-дәрмектердің 2 айлық қоры бар. Сондай-ақ, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды, ол да 2 айға жетеді.