Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Архимед Мұхамбетов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті қостанайлықтар!

Барша мұсылман қауымды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ислам дінінде ұлық  мерекенің бірі саналатын Құрбан айт — мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. 

Біздің елімізде бұл мереке сан ғасырлар бойы дәстүрімізбен біте қайнасып, ұлттық құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен қатар қасиетті мейрам тәуелсіз Қазақстан елінде тұрып, өмір сүріп жатқан халықтардың бірлігі мен достығын, түрлі ұлттар мен ұлыстардың, дін өкілдерінің татулығын нығайтуға игі ықпалын тигізуде.    

Биылғы Құрбан айт мерекесінің өзінің ерекшеліктері бар. Әлемді індет жайлаған заманда, мұсылман қауымның құлшылық жасап, құрбан шалуы үшін онлайн тәртіпте барлық мүмкіндіктер жасалды.

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының пәтуасы бойынша арнайы сайт арқылы құрбандыққа шалынатын малды таңдап, үйде отырып дұға-тілеу жасауға болады.

Халқымыз осы бір қасиетті күні сабырлық танытып, өз шаңырақтарында отырып, алыс-жақындағы ағайынның амандығын тілеп, өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін қажетті барлық шараларды ұстанатынына сенімдімін.

Құрметті жерлестер!Осы сындарлы уақытта шалған құрбандарыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Қасиетті мереке әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін!

Халқымыз қазіргі уақытша қиындықтан аман өтіп, шаттық пен мейірімге толы күндерге тезірек оралуды нәсіп етсін!

Құрбан айт қабыл болсын!