Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (New) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Әріптестік нығая түспек

2017 жылдан бері «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ еліміздің бірқатар кәсіпорындарына 51,5 млрд теңгеге қолдау көрсеткен. Қаржылай көмекке қостанайлық кәсіпорындардың іліккенін айта кеткен жөн. Алдағы уақытта олардың қатары толығуы тиіс. Бұл жөнінде Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездескен «KazakhExport» ЭСК»АҚ Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов мәлім етті.

Кездесу барысында Қостанай облысының экспорттық әлеуетін арттыру, экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау мәселелері талқыланды. «KazakhExport» ЭСК» АҚ экономиканың басым секторларында шикізаттық емес өнім экспортының өсуін қолдаумен және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандырумен шұғылданады.

Сондай-ақ, тәжірибе алмасу, заңды немесе кәсіптік консультация беруді қолға алған. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы » АҚ жыл басынан бері 37 қазақстандық экспорттаушы компанияға қолдау көрсетті, олардың 10-ы ТЖ режимі кезінде 1 млрд теңгеден астам сомаға сақтандыру қолдауына ие болған. Төтенше жағдай кезеңінде қашықтан қызмет көрсетуге көшкен KazakhExport барлық бизнес-процестерін сақтап қана қоймай, клиенттермен өзара іс-қимылдың жеделдігін арттыру мүмкіндігіне ие болған, көптеген мәселелер онлайн алаңда шешімін тапқан көрінеді.

2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша KazakhExport қабылдаған міндеттемелер көлемі шамамен 19 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен үш есе көп, экспорт алдындағы қаржыландыру және сауданы қаржыландыру бойынша келісілген салымдар сомасы 10,9 млрд теңгеге жетті, қолдау көрсетілген келісімшарттар сомасы 51,5 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, Қазақстанның түрлі салалары мен өңірлерінде 22 экспорттаушы бойынша 29 млрд теңге сомасына жобалар мақұлданды және сақтандыру шарттары жасалуда. Облыс әкімімен болған кезедсуде Руслан Ысқақов KazakhExport компаниясының өзге де сәтті кейстері туралы баяндап берді.