Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өткеннің өнегесі

Өткен айда Лисаков қаласында «Desht-Thor» Хейердал атындағы Үшінші Халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі өтті. Мұндай жоба бұрыннан ұйымдастырылып келсе де, фестиваль биыл алғаш рет онлайн және оффлайн форматында өткізіліп, үлкен әлемдік аудиторияны қамтыды.

Ерекше жобаның ауқымы ағымдағы жылы екі есе көп болды. Себебі, де белгілі, онлайн жобаны тамашалауға қатысу жеңіледй түсті. Сондай-ақ, фестивальге тарихшылар, археологтар, қолөнершілер, дизайнерлер қатысты. Фестиваль сайты – әлемдік қауымдастыққа қол жетімді ресурс бола алды.

Бұл тарихи мұраны кеңінен таныстыру және Ұлы Даланың ежелгі тарихын, әлемдік өркениеттер мәдениетін археологиялық эксперимент және тарихи қайта құру арқылы кеңінен тарату тәсілі. Басты диалог алаңы және Internet-ресурсы, әлемдік қоғамдастыққа қолжетімді, desht-thor.webtraining.education фестивалінің сайты болды.

Ұйымдастырушылар сайттың басты бетінде үздіксіз трансляцияны қамтамасыз етті. Фестиваль сайтында 12 секция Ұлы Даланың ежелгі тарихын, археологиялық эксперимент және тарихи қайта құру арқылы әлемдік өркениеттер мәдениетін таныстырды:

«Зергерлер – сұлулық қайта құрушылар» (зергерлік бұйымдар), «Тоқу технологиясының алтын жіптері» (тоқу технологиялары), «Киіз ғажайыптары» (киіз басу), «Гефест мұрагерлері» (археометаллургия), «Сиқырлы саз» (керамика), «Жауынгер болу өнері» (қару-жарақ жасау технологиясы), «Мұражайдағы қайта құру» (мұражай кеңістігіндегі зат), «Туризмдегі қайта құру» (экскурсия-қайта құру), «Дәуір арқылы сән» (костюмді қайта құру), «Белгі және сурет» (артефактіні қайта құру), «Дәмді тағам» (ескі тамақтану рецептерін қайта құру), «Желден жылдамырақ» (көлік құралдары). Фестивальге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Германия, Норвегия, Греция, Финляндия, АҚШ, Украина, Бахрейн өкілдері қатысты. «Ұлы Дала Елі: бейнелер, қайта құру және мәдени архетиптер» атты жалпы атаумен «Ежелгі Ұлытау жері (Қостанай обл.тарихи-өлкетану мұражайы, авторы Д. Ругис)» фотокөрмесі, «Сиқырлы кілем: ежелгі заманнан қазіргі заманға дейін» көрмесі (Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы) дайындалды. «BIRGEMIZ: ASYL МURA» жобасының атынан фестивальдің тұсаукесеріне «Лисаков округінің қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу және қайта құру» материалы дайындалды, Новоильинов 2 қорымында археологиялық жұмыстар жүргізілді.

Фестиваль идеясының авторы – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Лисаков қаласының құрметті азаматы, Лисаков археологиялық экспедициясының жетекшісі Усманова Эмма Радиковна. Фестивальдің ұйымдастырушысы облыстық мәдениет басқармасы. Фестиваль операторлары Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы және облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және кинобейнеофонда орталығы. Фестивальдің эмблемасын алматылық тас шебері Санжар Жұбанов арнайы әзірлеген. Тасқа Қостанай өңірінің мәдени мұрасының белгілері қашап салынған.

— Осы эмблеманы жасау маған бұйырған екен. Ол үшін арнайы тастың бетіне Үш тоғай шаршысы мен Торғай свастикасын қашадым. Қостанай облысына осындай сыйлық жасадым, — дейді эмблема авторы. Фестивальдің логотипі Новоильинов қола дәуірі кешенінен (Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы) табылған алтын зергерлік бұйымның бейнесі. Бұл зергерлік бұйымдар дала кеңістігіндегі алмасу байланыстарының болғанын дәлелдей алады. Екінші жағынан, бұйым ежелгі скандинавиялық суреттерде кездесетін қайықтың кейпіне де ұқсас. Логотиптің авторы, дизайнер — Элина Алтынбекова. Ежелгі мәдени қазба байлығы фестивальдің логотипі ретінде көрнекі символға айналды.

— Фестиваль үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл негізі лисаков қаласында өтуі керек еді. Бірақ қазіргі жағдайға орай осылай өтті. Алғаш рет фествальға сай арнайы сайт құрылды. Қатысушылардың барлық видеолары осында жинақталды. Тікелей эфирге небір мамандар шықты. Ауықымы кең, әр секция өзінше қызық болды. Онда суретші, көрнекті тарихшы-қару-жарақтың авторы, қазақтардың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясына арналған бірнеше кітаптың авторы Қаллиола Ахметжан қатысты. Ол дала сауыттары мен сақ заманындағы ат әбзелдерін тарихи қайта құру туралы жан-жақты әңгімеледі. Сол сияқты Зира Наурзбаева – мәдениеттанушы. Ол әскери бастаманың қазақ рәсімін қайта құру, дәстүрлі домбыраны қайта жаңғырту және дәстүрлі музыкалық шығарма — күйді қайта жаңғырту әдістері туралы әңгімеледі.

Ермек Жасыбаев – Иссык музейнен, Алтын адамның қабірі және оқиғалар хроникасы мен жарты ғасыр бұрынғы қалпына келтіру туралы атты. Міне, осы сияқты спикерлердің ұсынған дүниелері құнды болды. Облыстық мұражайлар қатысып, олар көрме ұйымдастырды. Әр музейдің тақырыбы әр түрлі болды. Фестиваль өте жақсы өтті. Қаншама танысу, тәжірибе алмасу болды, — дейді Лисаков музейінің басшысы Шынар Ермағамбетова. Идея авторы, «Desht-Thor» Тур Хейердал атындағы Халықаралық ежелгі технологиялар мен мәдени коммуникациялар фестивалінің басты ұйымдастырушысы және басты тұлғасы — археолог Эмма Радиковна Усманова.

Алғаш рет 11 жасында Мәскеу пионерлер мен оқушылар сарайының үйірмесінде археологияға қызыққан Эмма Радиковна бүкіл өмірін археологияға арнаған жан. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы Лисаков археологиялық экспедициясын басқарып, жақын және алыс шетелдерден мыңға жуық кәсіпқойлар мен әуесқойлар бұл кісінің ақылына жүгініп отырады.⠀

Эмма Усманованың бастамасымен және жеке қатысуымен Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы құрылды, әрі оның кураторы. Туған өлкенің тарихын зерттеуге қосқан үлесі үшін Эмма Радиковна «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапатталған, «Мәдени мұра» номинациясында Қостанай меценаттар клубының «Қазына»сыйлығының лауреаты. Оның жұмыстары тарихи шындықты барынша шынайы көрсетеді, Алматы мен Лисаковтегі мұражайларға қойылған.