Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Туған жерге тарту

Көпшілікке мәлім, үстіміздегі жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толды. Бұл барша мұсылман қауымы  үшін үлкен мерейтой. Сондықтан, аталмыш басқарма 30 жылдыққа орай 30 мың түп көшет отырғызу жөнінде бастама көтерген еді. Бұл игі іс-шара еліміздегі барша мешіттердің тарапынан қолдау тапты.

Акция елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері «Бәйтерек» монументі маңындағы саябақта көшеттер отырғызуынан басталды. ҚМДБ-ның «30 жылдық мерейтойына 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясына діни басқарма төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Қолдарыңда бір құрма ағашының шыбығы болып, қиямет келген жағдай болса да соны отырғызып үлгеріңдер» — деген. Бұл хадистен ағаш отырғызудың маңыздылығын, табиғатты қорғаудың, маңайымызды көгалдандырудың қаншалықты сауабы бар екенін түсінуге болады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген де ата-бабаларымыздың сөзі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ел аумағын көгалдандыруға қатысты алдағы бес жылда орман алқаптарында 2 миллиардқа жуық ағаштың, ал елдімекендерде 15 миллионға жуық ағаш отырғызылатынын айтып өтті…Елордада басталған шарамыз бір мезетте өңірлердің имамдары және жамағатының атсалысуымен жалғасады», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бүгінгі күні Қостанай облысының аудан мен қалаларындағы күллі мешіттердің имамдары мен жамағаттары таңертеңнен бастап имандылық ордаларының аулаларында жасыл көшеттер отырғызды.Біздің ата-бабаларымыз «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп босқа айтпаған болса керек. Қазіргі таңда жасыл желектің аздығынан көптеген табиғи апаттар орын алуда. Себебі, отырғызылған көшеттер уақыт өте айналамызды көркейтіп, көгалдандырумен қатар,  ауаның тазалығына, жан-жануардың көбеюіне әсер етеді.

Ал, экология жақсарған сайын адамдардың денсаулығы да нығаяды. Сондықтан мұны жете түсінген қостанайлық дін қызметкерлері мен жұртшылық  биылғы тал егу шарасына да белсене қатысып, ұйымшылдықтың нағыз үлгісін көрсетті. Бұл туралы ойымен Қостанай облысынның бас имамы Бахытбек Тәжімбет бөлісті.

–Үстіміздегі жылы отырғызылған жас көшеттер ертең жапырағы жайқалған үлкен бәйтерекке айналады. Жаздың ыстық күндерінде жанға сая болары хақ. Бір жағы оның өмірімізді жалғастыратын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, тағылымды тәрбие болатындығы даусыз. Сөйтіп, олар жан-жағымыздағы көркем де көңіл-күйімізге ерекше әсер беретін табиғатты көздің қарашығындай сақтауға ықпалын тигізеді», — дейді Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет.

Аталмыш шара еліміздің барлық аймақтарында жалғасты.

«Біздің ата-бабаларымыз «артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп босқа айтпаған. Себебі, отырғызылған көшеттер уақыт өте айналамызды көркейтіп, көгалдандырумен қатар жасыл желекке бөлейді емес пе. Ал, экология жақсарған сайын адамдардың денсаулығы да нығаяды. Сондықтан мұны жете түсінген қостанайлық дін қызметкерлері мен жұртшылық биылғы тал егу науқанына да белсене қатысып, ұйымшылдықтың нағыз үлгісін көрсетті. Үстіміздегі жылы отырғызылған жас көшеттер ертең жапырағы жайқалған үлкен бәйтерекке айналады. Жаздың ыстық күндерінде жанға сая болары хақ. Бір жағы оның өмірімізді жалғастыратын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Тағылымды тәрбие болатындығы даусыз. Сөйтіп, олар жан-жағымыздағы көркем де көңіл-күйімізге ерекше әсер беретін табиғатты көздің қарашығындай сақтауға ықпалын тигізеді», — деді Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет.

Игі шара Рудныйда жалғасты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ел аумағын көгалдандыруға қатысты алдағы бес жылда орман алқаптарында 2 миллиардқа жуық ағаштың, ал елдімекендерде 15 миллионға жуық ағаш отырғызылатынын айтып өтті. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясын қолға алды.

Экологиялық шараға рудныйлық «Нұр» мешіті де үлес қосты. Бас имам Бектұрсын Уәлиев бастаған бір топ дін қызметкерлері мен жамағат мешіт аумағын күл-қоқыстан тазартып, 30 түп қарағай, қайың көшеттерін отырғызды.

–Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейтін даналық бар. Өзгеге сая болу үшін, әрі қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында тал егу дәстүрі елімізде ертеден қалыптасқан. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбар да «Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады» деген. Сондықтан да тал егудің пайдасы да, сауабы да мол,– дейді Бектұрсын Торғайбайұлы.

ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты жер-жерде 30 жетім балаға, 30 отбасына қайырымдылық көмек көрсету, 30 елдімекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету, 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу сияқты сауапты да салауатты шараларды жүзеге асыру жоспарда бар.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты жер-жерде 30 жетім балаға, 30 отбасына қайырымдылық көмек көрсету, 30 елді мекеннің ауызсу, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету, тарихи көрмелер ұйымдастыру, ҚМДБ туралы деректі фильм түсіру, әл-Фараби, Абай сынды тұлғалардың, ел ішінде есімі еленбей жүрген 30 дін қайраткерінің есімін мешітке беру, ауылдағы 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу және өзге де сауапты да салауатты шараларды жүзеге асыру жоспарға енгізілген.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі