Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Полилог – 2020» байқауы өтті

Антикор қызметі мен Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бастамасымен биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған шешендер байқауына облыстағы ЖОО-ның студенттері қатысты. Көп тілді жетік меңгерген жастар өздерін жақсы қырынан көрсете білді.

Мұндай байқаулар Америка мен Еуропада табысты өтуде. Биыл облыстық деңгейдегі турнир жыл сайынғы іс-шара мәртебесіне ие болғанына қуаныштымыз, — дейді Sanaly urpaq 2050 қоғамдық қорының жетекшісі Серік Манасбаев. — Қатысушылардың мемлекеттік және орыс тілдерімен лигаларға бөлінуі жаңалық болды. Бұл қатысушылардың қол жетімділігін арттырады және өз шеберліктерін көрсетуге одан да көп спикерлерді шабыттандырады деп үміттенеміз.

«Қазіргі жастар шешендік өнерді жете игеру арқылы әлемде болып жатқан маңызды оқиғалар мен  өзекті мәселелерге еркін бойлап, тыңдарманға бұл турасында өз ой-пікірін нанымды әрі дәл жеткізе білуі керек», — дейді ұйымдастырушылар.

Облыстық антикоррупция қызметі басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұловтың сөзінше, былтыр аталмыш байқау еліміздің бүкіл өңірлерінде болып өткен.

Биыл, міне, Қостанай облысында білім алып жүрген дарынды студенттердің қатысуымен екінші рет турнир өткізіп отырмыз. Жалпы, «Полилогты» жыл сайын жастардың басын қосып, талабын ұштайтын дәстүрлі шараға айналдыруды көздейді.

Биылғы байқауда  қатысушылар қазақ және орыс тілді лигаларға бөлініп бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша жеке есепте алтын кубокты Руслан  Капаров ұтып алса, Вадим Кирсанов – күміс, Никита Берновский қола кубокқа ие болды.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай аймақтық университетінің құрамасы жеңіп алды. Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері екінші орынға ие болса, Рудный индустриалдық университетінің шешендері үшінші орынды қанағат тұтты.