Курс валют
USD 443,62 ₸
EUR 492,24 ₸
RUB 5,36 ₸
CNY 66,53 ₸
Дата курса: 13.11.2026 Источник: НБК

Ардагерлер кеңесінде жаңа төраға

29 октября 2020 16:00 • 739 просмотров

«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының V пленумы болып өтті.

Пленум жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен аумақтық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Облыстық ардагерлер кеңесін 11 жыл бойы өңірге танымал Кенжебек Үкіұлы Укин басқарып келді. Ол – жас қазақстандықтарға үлгі болып табылатын білікті, сауатты, жоғары кәсіби, нағыз патриот адам.

Үкин Кенжебек Үкіұлы денсаулығына байланысты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Осыған орай, пленум аясында қатысушылар ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне үміткер Ахметов Батырбек Мықансалықұлының кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Батырбек Мыңсалықұлы – жарты ғасырға жуық жұмыс тәжірибесі бар, өңіріміздің дамуына үлкен үлес қосқан білікті басшы. «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, т.б. иегері.