Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Туған жердің түлектері

«Жомарт Жүрек» сыйлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тағайындаған бірегей жоба. Басты мақсат — мақсат қайырым мен ізгілік бастамаларын, меценаттар мен еріктілер қызметін насихаттау. Аталмыш сыйлық өздері туып-өскен өңірдің гүлденуіне елеулі үлес қосқан бизнес өкілдеріне, меценаттарға, ҮЕҰ өкілдері мен волонтерларға таблыс етілді.

Сонымен,  Қамысты ауылында жас мамандарға 4 пәтер беріп, Алтынсарин ауылына су құбырын тартып, ауданды абаттандыруға қаржылай көмек көрсеткені үшін, сондай-ақ, өзі туып-өскен өңірде ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген «Алтынсарин» ЖШС директоры Борис Князев «Жыл меценаты» номинациясы бойынша  марапатталды.

Ал «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Олжа Агро» ЖШС марапатталды. Серіктестік жыл сайын соғыс және еңбек ардагерлеріне, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына материалдық көмек көрсетіп келеді. Мәселен, биыл «Мектепке жол» акциясына қатысып, ауылдарды абаттандыруға үлес қосты. Сондай-ақ, көп балалы отбасылар мен жетімдерге баспана сыйлады.  Пандемия кезінде облыстың медицина ұйымдарына оттегі концентраттары мен 50 оттегі баллонын сатып алды. ⠀

«Жыл тұлғасы» номинациясы «Тойсай» ЖШС директорының орынбасары Ахмет Садықовқа табыс етілді. Аталмыш серіктестік ауылдық елді мекендерде  ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулілерге, ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлерге қолдау көрсетіп келеді. Биыл А.Садықов Ұзынкөл ауданының жас мамандарына бірнеше пәтер тарту етті.

«Туған өлке» номинациясын демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Өтей-Телеком» компаниясының директоры Серік Қазымбекұлы Қанапин иеленді. Екі жыл бойы меценат Амангелді ауданын абаттандырумен   айналысты. Екі шағын футбол алаңының құрылысына демеушілік жасады.  

Еріктілер қозғалысына белсенді ат салысқаны үшін 17 жастағы Жансейіт Құрманғалиев «Ерен еріктілік» номинациясының жеңімпазы атанды. Жансейіт гемофилия диагнозымен ауыратындығына қарамастан, карантин кезеңінде қажет бола қалған жағдайда «Азаматтық альянс» еріктілерімен бірге жүріс-тұрысы қиын науқастарға дәрі-дәрмектер мен азық-түлік пакеттерін тасымалдаған.