Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Оң өзгерістер бар

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Айта кету керек, 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының XVIII құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларына сәйкес іске асырылып жатқан «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының негізгі мақсаты – ауылдағы өмірдің сапасын жақсарту, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің өлшемдеріне дейін жеткізу.

-Жаңа оқу жылында Қостанай облысында 494 мектеп, оның ішінде жалпы контингенті 110 мыңнан аса оқушыны қамтитын 488 мемлекеттік және 6 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Ауылдық елді мекендерде облыстың 401 мектебі немесе жалпы санының 82% орналасқан, онда 45,5 мыңнан аса оқушы оқиды. «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық жерлерде ғана инфрақұрылымдық жобалар, оның ішінде білім беру объектілерін жаңғырту іске асырылуда. Ауыл тұрғындарының жағдайларын жақсартудағы кластерлік (кешенді) тәсіл қағидатын ұстана отырып, 2019 жылы 28 білім беру объектісінде жалпы сомасы 893,9 млн теңгеге жөндеу жүргізілді (оның ішінде РБ — 797,6 млн, ЖБ — 96,3 млн), оның ішінде күрделі жөндеумен 597,6 млн теңге сомасына 5 ұйым, ағымдағы жөндеумен 296,2 млн теңге сомасына 23 объект қамтылды. Арнайы жоба есебінен 2 500 оқушыға көмек көрсетілді.1260 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, — деді Зәуре Байменова.

2020 жылы арнайы жоба шеңберінде Аманкелді, Қостанай және Меңдіқара аудандарында жалпы 802,8 млн теңге сомасына 3 күрделі жөндеу іске асырылды. Зәуре Байменованың айтуынша, 2018 жылы облыстық бюджет есебінен Аманкелді ауданының орталығындағы Әнуар Боранбаев атындағы орта мектебінің оқу корпусы күрделі жөндеуден өткен. Ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша мектеп жанындағы интернаттың жатын корпусына жалпы сомасы 133,7 млн теңгеге жөндеу жүргізілді. Осының арқасында ауданның 7 ауылының 25 оқушысының интернатта жатып оқуы үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалды, бұл сапалы білім алуға ықпал етеді.

-Жалпы, 682 оқушыны қамти отырып, 494,4 млн теңге сомасына Қостанай ауданның Совхозный ОМ (347 оқушы) ғимаратына және 174,7 млн теңге сомасына Меңдіқара ауданының Первомай ОМ-не (335 оқушы) күрделі жөндеу жүргізілді. Нәтижесі ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, оқу үдерісін және оқушылардың бос уақытын қамтамасыз ету болды. Күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы басталуы үшін 2021 жылы облыстық бюджет есебінен жалпы сомасы 79,1 млн теңгеге 2224 оқушысы бар 9 білім беру ұйымының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Білім беру ұйымдарының күрделі жөндеу тәртібі анықталған кезде, мектеп оқушыларының тұрақты өсіп келе жатқан контингенті, ауылдың даму перспективалары, ғимараттың салынған жылы және тозуын қамтитын кешенді тәсіл қолданылатын болады, — деді баяндамашы.

Мемлекеттік инвестициялар көлемі шамамен 2,2 млрд астам теңгеге тең, осы қаржы 500-ден астам уақытша жұмыс орнын құруға себепші болып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.