Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бақылау күшейді

Қоғамдық бақылау: Қостанайда мектептер мен балабақшалар тексеріліп жатыр. Жітіқара ауданындағы қоғамдық бақылау тобы әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізді.

Қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі Гүлсара Жаманқұлова мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде санитарлық нормалардың орындалуына мониторинг жүргізді. Бақылау тобы аудан әкімдігінің өкілдерімен бірге «Юбилейный», «Балапан», «Дружба», «Қарлығаш» және нөмірі 2, 3 орта мектептердің балабақшаларын тексерді.

«Ересектер арасында инфекцияның жылдам таралуы кезінде балаларымызды вирустан қорғау өте маңызды. Тексеру барысында тәртіпбұзушылықтар анықталған жоқ, барлық жерде дезинфекциялық кілемшелер, санитайзерлер, әлеуметтік қашықтықты сақтау таңбалары бар. Барлық қызметкерлер балаларды бетперде киіп, арнайы қолғаппен қабылдайды. Ата-аналарға топтарға кіруге тыйым салынған. Балалар да, олардың ата-аналары да жаңа жұмыс жағдайларына бейімделді. Осы уақытта жақын адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың жеке жауапкершілігіне байланысты екенін барлығы түсінеді», — дейді Гүлсара Жаманқұлова.

Қоғамдық бақылау тобы өңірдің бас санитар дәрігерінің талаптарын сақтау бойынша рейд жұмыстарын жалғастырады.

Сондай-ақ, Өткен демалыс күндері Қостанай облысында 40 рет карантин тәртібі бұзылған. Бұл туралы облыстың Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Қостанай облысында карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда. Тексеру кезінде Қостанай қаласында түнгі 23:00-ден кейін 2 дәмхананың жұмыс істегені анықталды. Мұндай ереже бұзушылық Меңдіқара ауданы мен Рудный қаласында да тіркелген. «Құрамына жергілікті полиция қызметінің, сапаны бақылау комитетінің, қалалық және аудандық әкімдіктердің қызметкерлері кіретін мониторингтік топтардың бірлескен рейдтері барысында демалыс күндері облыс бойынша 363 қоғамдық тамақтану және ойын-сауық объектісі тексерілді. Жалға алынған коттеджде отбасылық іс-шараны өткізу фактісі анықталды. Барлығы карантиндік және эпидемияға қарсы талаптардың 40 бұзылуы тіркелді. Рудный, Қостанай және Сарыкөл аудандарында сатушылар мен аспазшылар арнайы қолғапсыз жұмыс істеген. Жоғарыда көрсетілген барлық ережебұзушылықтар бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін қаралуда», делінген ведомство хабарламасында. Рейд шаралары осы аптада да жалғасады