Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Ауыл» партиясы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін бекітті

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімі бекітілді. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

«Ауыл» партиясынан мәслихаттардың депутаттығына 654 кандидат тіркелген.

«Бүгін Мәжіліске ұсынылатын кандидаттардың барлығы сарапшылармен, өңір өкілдерімен, саяси кеңес, төралқа мүшелерімен талқыланып, қолдау тапты. Енді съезд қарауына ұсынылып отыр», – деді партия төрағасы Әли Бектаев.

«Ауыл» партиясы орталық аппаратының басшысы Қуаныш Сейітжанов осыдан кейін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жария етті.

Олар:

1. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов;

2. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының жетекшісі Қарлығаш Аралбекова;

3. «Номад» шаруа қожалығының төрағасы Николай Арсютин;

4. Қазақстан журналистері кәсіподағының басшысы Зейін Әліпбеков;

5. «Зылиқа» шаруа қожалығының төрағасы Нұржігіт Бегалы;

6. «Астана» ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кооперациясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Зейнуллин;

7. ҚР Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы;

8. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің департамент директоры Әйгерім Көкеева;

9. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат;

10. «Инновациялық технологиялар академиясы» ЖШС-нің бас директоры Болатбек Қыстау;

11. ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кенжеғали Машырықов;

12. Экономика, қаржы саласының білікті маманы Алмас Мұхаметов;

13. «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков:

14. Экономика және бизнес магистрі Айдар Саттаров;

15. ҚР БҒМ ҒМ Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин;

16. «Мәміле» ауызекі қазақ тілі клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков;

17. Экономика ғылымдарының докторы Рабиға Тоқсейітова;

18. «Әдемі-ай» компаниясының құрылтайшысы Бахаргүл Төлеген;

19. «Азимут» ЖШС директоры Валентин Хаданович