Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қаржылай қолау жалғасады

Мемлекеттік бағдарламалар ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға игі әсерін тигізуде. Биыл Бейімбет Майлин ауданының 45 тұрғыны «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 121 миллион теңге қаржылай қолдауға ие болды.

Ауыл тұрғындарының көбі мемлекеттен бөлінген қаржылай көмекті мал шаруашылығын дамытуға пайдалануда.

«Қазір ауылда қорасынан төрт түлік мал өрмейтін отбасы аз»,- дейді мемлекет бағдарламасының арқасында Қамбар ата тұяғын көбейтуге мүмкіндік алған Набережный аулының тұрғыны Жанаш Пірназарова.

Ауыл тұрғындары Үкіметтен бөлінген жәрдемді ұтымды пайдаланып отыр. Бұл игі бастамалар ауылдық жердегі жұмыссыздықты шектеуге де оң әсерін тигізуде. Осы ауданның тұрғыны Элмира Меңдібаева да мемлекеттік бағдарлама арқылы бөлінген өтемсіз несиеге жеке меншігіне екі сиыр сатып алыпты.

«Келесі жылы да осы бағдарламаға қатынасып,мал басын көбейте түскім келеді»- дейді ол.

Ал үкіметтің қолдауымен тұрмысын жақсартып алған отбасылар бұл ауданда баршылық.

«Ауылда мал өсірумен шұғылданып отырған отбасылар үшін өнімді өткізу аса қиын емес. Қала іргемізде. Ет пен сүтті сонда апарып ұқсатады. Кейінгі кезде ауылда қара малдың саны өсті. Соның жартысынан көбі сауын сиыр. Ауыл тұрғындарының әрқайсында кем деген он-он бес малдан бар»,-дейді Набережный ауылдық округінің әкімі Талғат Түйтебаев.