Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Талғат Әмірхамзин: «Ауыл тұрғындарын серпілткен жаңалық болды»

Менің түсінігімде ауыл – елдің күретамыры. Ауыл шаруашылығы дамыса, мемлекет экономикасы да өркендейді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сессиясында елді мекендердің болашағына қатысты өте маңызды реформаларды айтты.

«Әрбір ауылға баратын жолдар жөнделеді», — деді мемлекет басшысы. Бұған агроөнеркәсіп кешені саласында еңбек етіп жүрген шаруалар ерекше қуанды. Әрине, барша ауыл тұрғындарын да серпілтіп тастаған жаңалық болды. Президент ауыл әкімдерін сайлауды ұсынды. Бұл жең ұшынан жалғасар жемқорлықтың алдын алатын маңызды қадам деп есептеймін.

Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, қазір жаңа заманға негізделген кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін әзірлеу қажет. Бизнес үнемі жаңаша көзқарасты талап ететін сала. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуда әрқашан басқа елдердің тәжірибесін, практикасын ескере отырып, бүгінге қажетті, тиімді тәсілдерді қарастыру маңызды болып тұр. Мысалы, осы тұста агроөнеркәсіп кешенін цифрлы технология арқылы дамыту туралы айтар едім. Парламент депутаттары осыны қаперге алып, бизнесті дамытуға барынша жағдай жасайтын заңнамалық негіз қалыптастырып береді деген сенімдемін.