Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Біздің сүйікті дәрігер

Бағзыдан Ант – адалдықтың сөзі, Серт – тектіліктің тегі болған.Баба қазақтың «Мақтан дерт болар, уәде серт болар» дейтіні содан.Ал сертке беріктік сырттандықтың белгісі.

Бүгінде біздің қоғамда судья «әділ төрелік жасауға», жауынгер «Отанын қорғауға», депутат «халқына адал қызмет етуге», дәрігер «адам жанына араша болуға» ант беріп жатады. Түптеп келгенде, мұның бәрі адами құндылық пен азаматтық қасиетке негізделгенсенім кепілінің көрінісі болса керек. Елдің осындай сенімін абыроймен ақтап, парасат биігінен көріне білу ер-азаматқа сын. Әңгіменің тиегін ағытар болсақ, бүгінгі сөз жоғары санаттағы хирург-дәрігер, Гиппократ антына адал Алаштың аяулы азаматы Марат Ертайұлы Әбеуов туралы.

Атақты ғалым Ибн Сина«Дәрігерде қыран бүркіттің көзі, жас қыздың жұмсақ қолы, жыланның арбаушы данышпандығы, арыстанның айбарлы жүрегі болуы керек»деген екен.Жарықтық мың жыл бұрын жасаған осы пайымының ХХІ ғасырда да маңызын жоғалта қоймайтынын білмеген шығар!?Бүгінде мұны дәрігерлердің Гиппократ сертімен бірге жүретін ортақ заңына айналған десе де болады. Ал шипагерге қажет осы қасиеттердің бәрін Марат Ертайұлының бойынан оңай табасыз.