Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа өндіріс ашылады

Өңір абсшысы Архимед Мұахмбетов облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралады. Жұмыс сапары туралы ол «Инстаграм» желісіндегі парақшасында жазды.

Қостанай облысының әкімі іссапар барысында «ФортунаМед» ЖШС кәсіпорнында болды.

«Аталған кәсіпорында құны 222,579 млн теңге болатын медициналық жабдықтар мен техникалық оңалту құралдары өндірісін ашу жоспарлануда. Өндірістік қуаты жылына 14 807 бірлікті құрайды. 50 жұмыс орны құрылды, оның 45-і өндірісте. Қазіргі уақытта қаптама-қойма кешенінің құрылысы аяқталуда, сондай-ақ өндірілетін өнімді өткізу үшін рұқсат беру құжаттамасы дайындалуда», — деп жазды аймақ басшысы Архимед Мұахмбетов.

Сапар қорытындысында Архимед Мұхамбетов тиісті мемлекеттік органдарға жобаны жүзеге асыру мақсатында барынша көмек көрсетуді тапсырды.