Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңір басшысы азаматтарды қабылдайды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің халық алдында есеп беру кезедсуі өтпек. Қазіргі таңда қабылдауға жеке жазылу бойынша консультация жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2021 жылғы 17 ақпанда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Кезедсу аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізу көзделген. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды egov.kz электронды үкімет порталынан электронды түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ, пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 25 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жүзеге асырылды. Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-084 телефоны бойынша алуға болады.