Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мәселенің мәнісі неде?

Аптаның басында Қостанайда № 2 және №13 маршруттық автобустар жұмысқа шықпады. Бұл мәселе қала тұрғындары үшін біраз қиындық туғызғаны рас. Мәселенің мәнісін анықтау үшін «Жарық жол-1» ЖШС базасында брифинг өтті.

Оған Қостанай қаласының ТҮКШ бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин, «Жарық жол-1» ЖШС директоры Виктор Мущинский мен «Alem-Pay» ЖШС Қостанай қаласы бойынша филиалының директоры Сағадат Ниязбаев қатысты.

Елімізде карантин жарияланғалы жүргізушілердің жалақысы 200 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін төмендеген. Осыған байланысты, автобус жүргізушілері  жалақыны көтеруді талап етіп отыр.

Наурызбай Мусиннің айтуынша, аталған автобустарға қызмет көрсететін «Костанайавтотранс» ЖШС тасымалдаушысының атына шарттық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген.

– Біз жүргізушілерді бірден жұмыстан шығара алмаймыз. Ертең тағы байқаймыз, автобус жүргізушілерімен келіссөздер жүргіземіз. Олардың басты талабы – жалақыны көтеру. Біз бұл талапты ескеретін боламыз. Өйткені, наурыз айында маршруттарды субсидиялауды бастаймыз. Тасымалдаушы бюджеттен ақша алады және оны жалақыны көтеруге немесе автопаркті жаңартуға бағыттай ма өздері шешетін болады. Бүгін №2 автобустың орнына №11 автобус шықты, ал №13 автобустың орнына бір-бірінің жолдарын қайталайтын №18 бен №25 автобус алмастырды,  – дейді Қостанай қаласының ТКШ бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин.

«Alem-Pay» ЖШС Қостанай қаласындағы филиалының директоры Сағадат Ниязбаевтың сөзіне сүйенсек, кейбір қызметкерлер әкімдік өкілдерімен сөйлескеннен кейін ертең жұмысқа шығуға ниетсіздіктерін байқатқан. Алайда,  бұған ешкім кепілдік бере алмайды.

– Біз жаңа жүргізушілерді ала алмаймыз, өйткені дайын тұрған шопырлар жоқ. D санатындағы жүргізушілер тапшы. Жастар бұл салаға бармайды. Карантин енгізілгелі бері  жүргізушілер жалақысының төмендегені рас, – деді Сағадат Ниязбаев.