Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Екінші кезең басталды

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бүгінге дейін 1200 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасатқан. Вакцинация 21 күндік аралықпен екі мәрте жүргізіледі.

Келесі аптада облысқа вакцинаның келесі легі – 4500 доза әкелінбек. Жалпы Қазақстан бойынша «Спутник V» вакцинасын 19 мың адам қабылдағанын айтады ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегілер. Ведомство мәліметінше, елде вацинация жоспарлы кестеге сай жүргізіліп жатыр. Екпе ең әуелі медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, күш құрылымдары қызметкерлеріне және студенттерге жүргізіледі.

«Вацинаның алғашқы партиясы Ресейден Қазақстанға 2021 жылдың 31 қаңтарында әкелінді. Ол Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы «СК-Фармация» дәрі-дәрмек заттарының бірыңғай дистрибьюторының ірі хабтарына бөлінді. Кейін вакцина республиканың барлық аймақтарына таратылды», — делінеді министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасы өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешені базасына еншіленді. Ақпан айында бұл жерде 90 мың доза вакцина өндірілген, наурызда 150 мың доза шығару көзделіп отыр. Ал сәуір-маусым аралығында ай сайын 600 мың дозадан өндіру көзделіп отыр.