Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Талап босаңси түспек

Қостанайда короновирус індетінің таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында мониторингтік топтардың жұмысы талқыланыып, облыстық білім басқармасы басшысының, Жітіқара және Қарасу аудандары әкімдерінің есебі тыңдалды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Аймақ басшысының мәліметінше, мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 қаңтар мен 6 наурыз аралығында 3 855 рейдтік іс-шара өткізіп, нәтижесінде шектеу талаптарын бұзған 323 нысанды анықтаған.

«Бүгін КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткіздім. Жедел штаб бұған дейін енгізілген барлық ұсыныстарды қарап шығып, 2021 жылғы 10 наурыздан бастап мынадай жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылдады:

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-5 сынып оқушыларын оқытудың аралас форматына көшіру; СОО, сауда желілері, супермаркеттер, гипермаркеттерге уақыт шектеусіз және аптаның барлық күндері жұмыс істеуге рұқсат ету. Бірақ бұл нысандардағы ойын-сауық алаңдары жабық күйінде қалады; азық-түлік және басқа да тауарлар сататын жабық базарлардың жұмыс істеуіне аптаның барлық күндері шектеусіз рұқсат ету; моншаларға аптаның барлық күндері уақыт шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беру.  2021 жылғы 13 наурыздан бастап спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат ету. Алайда мұндай шараларға көрермендердің 20 пайызы ғана жіберілуі керек. Құрметті қостанайлықтар, КВИ таралуына жол бермеу үшін барлық санитарлық-эпидемииялық нормаларды сақтауды сұраймын», деп жазды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.