Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қазақстан Республикасы зайырлығының конституциялық-құқықтық аспектісі

Қазақстан Республикасы Конституциясы І бабы 1-бөлімінде «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, онаң ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп көрсетілген. Бұл – Қазақстан мемлекетінің құрылу және қызмет ету қағидаттарының бірі болып есептеледі. Қазақстан Республикасы Конституциясында бұл тезистің жариялануы, республикада ресми мемлекеттік діннің жоқ екендігін және діни сенімнің бірде-бірі міндетті немесе артықшылыққа ие емес екендігін анық білдіреді. Өз кезегінде, мемлекеттік құрылымның зайырлы негіздері республикадағы ар-ождан бостандығы қағидаттарына қарсы келмейді.

Мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасы, мемлекет институттары және діни бірлестіктер арасындағы тарихи қалыптасып және өзгеріп жатқан арақатынас түрінің жиынтығы ретінде, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының еркеше саласын көрсетеді.

Зайырлы мемлекет – бұл мемлекеттің конституциялық сипаты:- мемлекетте барлығына бірдей яғни, міндетті ресми діннің болмауы;- құқық көзі ретінде діни заңдар мен ережелерді мойындауды теріске шығару және олардың мемлекеттік органдар қызметіне ықпалы;- дін мемлекеттен бөлінген, сонымен қатар олар бір-бірімен өзара әрекеттеседі;- дінге қатысынан тәуелсіз жеке адамның, қоғам өмірінің түрлі саласындағы мемлекеттің және діни бірлестіктердің мүдделерінде тепе-теңдікке жету мақсатында діни бірлестіктердің теңдігін, азаматтардың ар-ождан бостандығы мен құқықтығын қамтамасыз ету;- дінге деген кез келген қатынасты қалыптастыруды мақсат етпейтін, мемлекеттік білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлылық сипаты;- барлық діни сот азаматтарына өзінің заңды құқығын таратушылардың болмауы.

Жоғарыда келтірілген критерилердің ең маңыздылары жалпыға міндетті діннің болмауы – зайырлы мемлекеттің негізгі өлшемі болып табылады.

Мемлекеттің зайырлылық сипаты келесідей белгілерден анықталады:- діни бірлестіктер және олардың өкілдері мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары жүйесіне енгізілмеуі;- мемлекет өзін құқықтық деп жариялап, өз азаматтарына ар-ождан, пікір, сенім бостандығына кепілдік беруі;- ар-ождан бостандығына, діни сенімді таңдау және таратуға қатысты сұрақтар рухани еркіндік және адамның жеке өмірінің саласы болып табылады, оған мемлекет те, жеке адамдар да араласпайды. Мемлекет идеологиялық әр алуандықты жариялайды және қоғамның рухани саласында монополизмді теріске шығарады;- қоғам мүшелері дінге қатысына, қандай болсын діннің құрамында болуынан немесе болмауынан тәуелсіз, тең түрде құқық пен екріндікке ие болады;- берде-бір діни бірлестік мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды;- мемлекет діни бірлестіктердің ішкі құрылымын басқаруға қатыспайды;- діни бірлестіктер басқарушы органдарының шешімдері көпшілік-құқықтық немесе жеке-құқықтық нормалық және актілік күшке ие емес;- діни бірлестіктер өкілдері мемлекеттік рәсімдерге және басқа да ресми іс-шараларға діни сенім өкілі ретінде қатсады;- білім беру жүйесі кез келген діни пәнді міндетті оқытуды енгізбейді, діни бірлестіктермен ұйымдаспайды және бақылауға алмайды.

Қазақстан мемлекетінің зайырлылығы – бұл төмендегілерді көрсететін немесе бекітетін конституциялық-құқықтық сипат:▪ жалпыға ортақ міндетті діннің болмауы;▪ мемлекеттің және мемлекетті-құқықтық қарым-қатынастардың діннен жеке діни бірлестіктерден тәуелсіздігі;▪ мемлекеттік білім жүйесінің зайырлы (діни емес) сипаты.

Қазіргі Қазақстан үшін оның зайырлылық сипаты, егеменді мемлекетте қандай да болсын міндетті дін жоқ және болуы мүмкін емес екендігін білдіреді. Сонымен қоса еліміздің азаматтарының ар-ождан бостандығына, діни сеніміне, діни ұйымдардың еркіндігіне кепілдік беріледі және қамтамасыз етіледі.

Зайырлы мемлекетке қарама-қайшы келетін бұл – теократиялық мемлекет.

Дүниежүзілік статистикаға назар аударсақ, әлемде он екі діни, ресми діндері бар алпыс, зайырлылық қағидаттарын орнықтырған жүз жиырма және дінге қарсы бес мемлекет бар екен. Бұл деректерден біз жаһан бойынша зайырлылық бағытты ұстанатын елдердің басымдығын көреміз. Демек, зайырлылық құндылықтарының адамзат өміріндегі орны айқындалып, оның басты ұстанымдары, артықшылықтары жоғары деңгейде мойындалып отырғаны сөзсіз. Яғни, зайырлылық қоғамдардағы қарым-қатынастарды, әртүрлі дүниетанымдар мен наным-сенімдерді үйлестіруші бірегей институт.

Жангелді Шаукенов, т.ғ.к., облыстық 

ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі