Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Қонайда» құрылыс қарқынды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласын аралау барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына арналған алаңды қарап шықты.

Аталмыш нысында ойын, тренажер және күрес залдарын салу жоспарлануда. Мұнда сағатына 48 адам спортпен шұғылдана алады. Құрылыстың жалпы құны 400 млн теңгені құрайды.

Кейін Қобыланды батыр даңғылындағы тұрғын үй құрылысының барысын қарап шықты. Тоғыз қабатты тұрғын үйде жоспар бойынша 108 пәтер болады. Қазіргі уақытта екінші қабаттың кірпішін қалау жұмыстары жүргізілуде. Үйді ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Аэропорт» және «Қонай» шағын аудандарындағы үйлердің құрылысын бақылады. Қазіргі уақытта «Қонай» шағын ауданындағы 7 нысанның шатырында жұмыстар жүріп жатыр. Қалған нысандарда жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, аталған шағын ауданда 19 көпқабатты тұрғын үй салынады. Биыл тағы 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.

–Тұрғын үй мәселесі қашан да өзекті. Қазіргі таңда халықтың басым бөлігі пәтерге ие болды, бірақ бізде кезекте тұрғандар баршылық. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек беруді тоқтатпау керек. Сол себепті, салынатын үйдің сапасына да аса мән беру қажет,-деп атап өтті өңір басшысы.

Аралау қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетоы Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.