Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тазалық кубогі

«Отанымыз ортақ, тілегіміз бір, мақсатымыз жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел мәңгілік Қазақстан!» Осындай ұранмен Арқалық қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында «Тазалық кубогі» экоакциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – қаланың қоғамдық-мәдени орындарын тазалап, санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру және экологиялық сауықтыру, жастардың бойына экологиялық мәдениет қалыптастыру. Іс-шараға қаланың жоғары және орта оқу орындары атсалысты. Әр командаға жеребе бойынша тазалау орындары бекітіліп берілді. Тазалық жұмыстарын арнайы комиссия бақылап, өз бағасын берді.

Комиссия шешімімен Арқалық медицина колледжі «Тазалық кубогі — 2021» иегері атанды.Сондай-ақ, қала тазалығына белсене атсалысқан Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Арқалық политехникалық колледжі мен Арқалық көпсалалы колледждерінің жастары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.