Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қуыршақтар қазақша сөйлейді

Қостанайда облыстық қуыршақтар театрында облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «СөйлеTime» клубының кезекті отырысы өтті.

Аталмыш шара барысында клуб қатысушылары «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша қазақ тілінде қойылым көрсетті.

– Қостанай облысында қазақ тілін үйренем деушілерге жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Жылдың басында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың ұсынуымен «СөйлеTime» клубы құрылды. Бұл клубты ашудағы басты мақсат – қазақ тілін үйренем деушілердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне көмек көрсету. Әр кездесу сайын қазақ тілін меңгеруге ынта білдірген қатысушылардың саны артып келеді. Біздің клубқа әр түрлі жастағы кез келген адам мүше бола алады. Клубтың бүгінгі кездесуі өте ерекше форматта өтті. Себебі, біздің клубқа қатысушылар өздерін қуыршақ театрының әртістері ретінде сезініп, «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша шағын қойылымды көрсетті. Аталған ертегінің персонаждарын сомдауға көмектескен облыстық қуыршақ театрының актёрлеріне алғысымызды білдіреміз, – дейді «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Гүлнар Талапова.

Айта кету керек, таяуда «СөйлеTime» клубы Рудный қаласында да ашылған болатын.