Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Дайындықтарын пысықтады

Әулиекөл ауданында «Өрт қауіпті кезеңге дайындық және ірі орман өрттерін сөндіру тактикасы» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Кезекті жаттығу жүргізуге Басаман орман шаруашылығының аумағы таңдап алынды.

Бірлескен оқу-жаттығуды өткізуге Қостанай облысының ТЖД ӨС және АҚЖҚ, Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қостанай темір жол бөлімшесі — өрт пойызы, Әулиекөл ауданының АІІБ, Әулиекөл ауданының ОАА және Әулиекөл ауданының әкімдігі өкілдері қатысты.

Басаман орман шаруашылығының қызметкерлері патрульдеу кезінде өрт шыққан жерді бірден тапты. Қызыл жалынның одан әрмен өршуіне жол бермеді. Төтенше жағдай болған жерге жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері жетіп, 4 учаскеде шыққан өртті сөндіре бастады. Өрт сөндіру қызметінің кәсіпқойлары өрт сөндіру автоцистерналарын және аспалы өрт сөндіргіштері бар жаяу десантты қолдана отырып, өртті ауыздықтауға кірісті.

Төртінші учаскеде «Достық» балалар лагері және теміржол жанындағы өрт ошағын сөндіру, сондай-ақ лагерь аумағындағы балаларды эвакуациялады. Сонымен қатар, жанып жатқан ағаш үйлерді сөндіру үшін өрт пойызы тартылды. Шартты өрт болған жерде әуе көмегі ретінде орман үстінен барлау тікұшағы ұшып өтті. Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, төтенше жағдайды дереу жойды. Төрт тұрғын үй өртеніп, бесіншісі өшірілді. Оқу жаттығу шарасына жеке құрамның 108 құтқарушысы және 28 техникасы жұмылдырылды.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары В.Ионенко, Қостанай облысы ТЖД бастығы Б.Каримов, «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» бастығы А.Ракович, Табиғи ресурстар басқармасының бастығы М.Шаимов және Әулиекөл ауданының әкімі Е.Темиевтар бақылады. В.Ионенко бірлескен оқу-жаттығу шарасының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, оң баға берді.